"Спутник V" вакцинасы Өзбекстанда өндіріле бастады

644

Бұл Өзбекстанда өндірісі жолға қойылған екінші вакцина.

"Спутник V" вакцинасы Өзбекстанда өндіріле бастады

Ресейдің Н. Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған "Спутник V" вакцинасының Өзбекстандағы өндірісі іске қосылды, деп inbusiness.kz  uza.uz.сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, "Jurabek Laboratories" ЖШС шығарылатын "Спутник V" вакцинасының I және II компоненттерінің алғашқы 260 500 дозасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне тапсырылды. 

Бұған дейін осы компания қытай-өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының жалпы 7 миллион дозасын шығарды, оның 1 458 820 дозасы екпе науқанына жеткізілген.

Осылайша Өзбекстанда екпе процесінде қолданылатын вакцина 28 473 528 дозаны құрауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу