"Бүгінге дейін вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырып алғандардың саны – 2212 адам. Оның ішінде І компоненттен кейін 1308 адам, ІІ компоненттен кейін 904 адам жұқтырған. Егер вакциналарды бөліп қарасақ, Спутник-V вакцинасын алғаннан кейін 2024 адам (І компонент – 1190, ІІ компонент – 834), ал QazVac вакцинасынан кейін 40 адам (І компонент – 21, ІІ компонент – 19), Hayat-Vax вакцинасынан кейін 140 адам (І компонент – 89, ІІ компонент – 51), CoronaVac вакцинасынан кейін 6 адам (І компонент) коронавирус жұқтырып алды", - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша Қазақстанда қазіргі уақытта 4 миллионға жуық адам екпе алған. Яғни вакцина алғандардың 0,0005 пайызы ғана індетті қайта жұқтырған.
Аян Бекенұлы