"Спутник V" және "QazVac" екпелерін алған қазақстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды

825

Өзгеріс 8 қарашадан бастап енгізіледі.

"Спутник V" және "QazVac" екпелерін алған қазақстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды

Шетел азаматтарының АҚШ аумағына кіруі бойынша жаңа ережелер бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 8 қарашадан бастап АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы COVID-19-ға қарсы ДДҰ мақұлдаған препараттармен вакцинацияланған және соны растайтын сертификаты (паспорты) бар адамдарға ғана АҚШ аумағына кіруге рұқсат етті. 
Бекітілген тізімде:
- Pfizer-BioNTech;
- Moderna; 
- Johnson&Johnson; 
- AstraZeneca;
- Covishield;
- BIBP/Sinopharm;
- Sinovac сияқты вакциналар бар.

"Осыған байланысты, аталған сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді", – деп жазылған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада. 

Айта кететіні, жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, вакцинациялауға құжатпен қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу