Спутниктік қарғыбау киіктердің қауіпсіздігін бақылайды

887

Спутниктік қарғыбау киіктердің қауіпсіздігін бақылайды

Қазақстанның биоалуандықты сақтау қауымдастығы Каспий құбырлары консорциумның қолдауымен бір ай бойы Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағындағы Орал және Үстірт популяциясындағы ақбөкендерді ұстап, спутниктік қарғыбау тағумен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қауымдастық Ақмола облысының Қорғалжың ауданына арнайы баспасөз-турын ұйымдастырып, оның барысында ақбөкендерді ұстау және қарғыбау тағу  процесін көрсетеді. Қауымдастық мәліметінше, ақбөкендерге  "Globalstar" және  "Iridium" спутниктің жүйесіне жалғанған, Sirtrack/Lotek модельді таратқышы бар 30 жаңа қарғыбау тағу жоспарланған. Аталған қарғыбаулар 2-2,5 жылдан кейін өздігінен түсіп қалады және одан кейін оны қайта пайдалануға болады.

Мұнан бөлек, Iridium Collar G5C 175E (Solar Assist - Sirtrack) жұмыс істеу үшін энергияның бір бөлігін күн панелінен алатын әлемдегі бірінші қарғыбау саналады. Алыстан бақылаудағы негізгі мақсат - ақбөкендернің қозғалысын зерттеу, сонымен қатар киіктердің орал және үстірт популяцияларының таралуының ерекше бақыланатын табиғи аумағын тиімді күзетуді күшейту.

Ақбөкендерге қарғы бау тағумен қатар олардң ауруларын зерделеу жұмыстарын жалғастыру үшін арнайы қан сынамасы да алынады. Қазақстанда ақбөкендерге спутниктік қарғыбау тағу 2009 жылдан бері жүргізілуде. Осы уақыттың ішінде ақбөкендердің барлық үш популяциясына 117 хабар таратқыш тағылды. Қазіргі уақытта 6 қарғыбаудан белгі түсіп отырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу