Сауранда ауылдасының автокөлік бөлшектерін ұрлаған тұрғын ұсталды

679

Күдікті автобөлшектерді сатып жіберген

Сауранда ауылдасының автокөлік бөлшектерін ұрлаған тұрғын ұсталды Фото: Ratel.kz

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Түркістан облысында ауылдасының автокөлік бөлшектерін ұрлаған ер адамды анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі аккумулятор ұрлығы бойынша арызданды. Оның айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның ВАЗ-2106 көлігінен аккумуляторы мен дөңгелегін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 140 мың теңге. 

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары  ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы, жергілікті тұрғын болып шықты. 

Анықтау барысында, күдікті бөтеннің мүлкін сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратып жібергені белгілі болды. Сақшылар қолды болған аккумуляторды тәркілеп, өз иесіне қайтарды. 

Қазіргі таңда күдіктінің қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу