Кореялық марканың көліктері 2010 жылдың жазында Қостанайдағы "Агромашхолдинг Қазақстан" АҚ кәсіпорнында құрастырыла бастады. 2011 жылы брендті үндістандық Mahindra концерні құтқарып қалды. Жаңа иесі топтамадағы көліктерді жаңартып, нарықтағы сатылымын айтарлықтай жақсартты.
Алайда, соңғы жылдары концерн өнімдеріне деген сұраныс төмендеп, SsangYong сатылымы тіпті төмендеп кетті.
Біздің елде SsangYong өндірісі тоқтап, компания нарықтан кеткеніне екі жыл болды.
Сovid-19 вирусы таралған соң Mahindra басшылығы фирмаға қаржы құюды доғарып, оны дамытуға қатысты бағдарламалардан бас тартты.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу