ССКӨБ алғашқы отандық темір жол рельстерін төсеуге кірісті

1071

ССКӨБ алғашқы отандық темір жол рельстерін төсеуге кірісті

Еуразиялық топта (ERG) талдау және стратегиялық даму блогының жөндеу жұмыстары жөніндегі Директоратының мамандары әзірлеген стратегиялық категориялар аясындағы жаңа пилоттық жоба іске асырыла бастады. Жаңа бастама бойынша импорттық магистральдық Р65 рельстері отандық өнеркәсіптік РП65 рельсіне алмастырылып жатыр. Еуразиялық топ құрылымындағы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндіріс бірлестігі" АҚ рельстерді шеткі жүктемемен ең күрделі геологиялық жағдайларда сынақтан өткізуде, делінген кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

ССКӨБ тұрақты жолдарының жалпы ұзындығы – 507 шақырым. Барлық жолдар кенді аудандар бойынша төрт аумаққа бөлінген. Рудный алаңы, Қашар алаңының кеңейтілген бөлігі және Қоржынкөл алаңындағы бөлімдер. Олардың әрқайсысы жол шаруашылығы мен құрылымдары Басқармасының (ЖШҚБ) қызметкерлері осы жоғарыда аталған әр телімде импорттық магистральдық рельстерді "Ақтөбе рельсарқалық зауыты" ЖШС өндірген отандық рельстерге алмастыруға кіріскен.

"ССКӨБ" АҚ ЖШҚБ техникалық бөлім бастығы Сергей Горбуновтың түсіндіруінше:

"Бірінші елімізде өндірілген рельстер партиясы өткен жылдың желтоқсан айының басында Соколов кенішіндегі екінші "Юбилейный" – "Предотвальный" бөліміне төселген.  Кейіннен қалған бөлімдер де қамтылды. Өндірістік алаңдағы ауыстырылған рельстің жалпы ұзындығы 2 462 метр. Салмағы 320 тоннаны құрайтын отандық рельс пайдалануға берілді. Сапасы жағынан техникалық параметрі импорттықтан еш кем емес, ең бастысы — олар әлдеқайда арзан.

Қазақстан рельстері ішкі нарықта табысты қолданылуда, атап айтқанда, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ негізгі бағыттарында пайдалана бастады.

"Біздің рельстер бүкілресейлік темір жол транспорты ғылыми-зерттеу институтында сынақтан сәтті өтті және барлық қажетті сертификаттарды алды. Біздің өндірістің ерекше сипаты — жақсы сапалы болаттарды қолданылады әрі бекітілген стандарттардың сақталуы жіті бақыланады. ERG секілді әлемге аты мәлім компаниямен бірігіп жұмыс жасау біз үшін қуаныш. Ірі тау-кен компаниясы ССКӨБ-ке рельс жеткізіп беру бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сынақ нәтижесін тағатсыздана күтеміз және бірлесіп атқаруға дайынбыз", –  деді "Ақтөбе рельсарқалық зауыты" ЖШС коммерциялық директоры Андрей Шерин.

Сынау уақыты бірнеше айға созылады, содан кейін отандық өнімнің сапасы туралы қорытындылар жасалады. Бірақ, қазірдің өзінде Р65 рельсін отандық РП65-ке алмастыру үнемдеу жағынан тиімді екенін айтуға болады.

"Өндіріс көлемі төмендеп жатқан қиын кезеңде осындай оң қадамдар маңызды болып табылады, өйткені олар отандық тауарлардың үлесін арттыруға бағытталған", — деді "ССКӨБ" АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу