Стационарларда 27 мың жатын-орын әзірленген

1147

Ауруханаларда орын жеткілікті.  

Стационарларда 27 мың жатын-орын әзірленген

Республика емханаларында коронавирустық инфекция жұқтырғандарға 27 мың жатын-орын әзірленді, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. 

"Жалпы елімізде 27 мың жатыр-орын дайын. Елордада жүктеме 25%-дан асқан жоқ, Алматыда 12%-дан төмен", - деді министр.  

23 наурызда еліміздегі коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың саны 62-ге жетті.  

Соңғы екі жағдай Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелді. Қазіргі кезеде Нұр-Сұлтандағы науқастардың саны – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу