Стационарларда орын саны екі есе артады

1151

Тамыз айына дейін ПТР-тестермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізіледі. 

Стационарларда орын саны екі есе артады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтке Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов медициналық мекемелерді қажетті құралдармен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

"Бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін инфекциялық, провизорлық орын саны 50%-ға өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізіледі. Тамыз айына дейін ПТР-тестермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға артады. Барлық медицина мекемелеріне қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар алынды және алынып жатыр. Бұл бағытта жұмыс тоқтаған емес және тоқтамайды да", – деді вице-премьер. 

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу