Стационарлардың 36%-ында науқастар ем қабылдауда

777

Жансақтау бөлімдерінің жүктемесі 29%-ды құрайды. 

Стационарлардың 36%-ында науқастар ем қабылдауда

7 сәуірдегі жағдай бойынша республика аумағында коронавирустық инфекция жұқтырғандарға 276 стационар қызмет көрсетуге әзір. Онда 29 189 орын бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 36%, жансақтау бөлімдерінің жүктемесі 29%. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы ауруханаларда науқастар саны артты", – деді министр. 

Ведомство басшысының айтуынша, өңірлердегі стационарлардың жүктемесі 70%-дан асса төсек-орындар санын 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

"Оған қордағы нысандар тартылады. Бұл ретте жоспарлы медициналық көмек көрсету де тоқтамайды", – деді Алексей Цой. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу