Стационарлық автоматты камералар заңға қайшы 2,2 млн әрекетті әшкереледі

1001

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласына заманауи технология енгізіліп жатыр. Мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Стационарлық автоматты камералар заңға қайшы 2,2 млн әрекетті әшкереледі

"Барлық облыс орталықтарында және Жаңаөзен, Рудный, Щучинск, Семей, Хромтау сынды 5 шағын қалада полицияның кешенді күштерін басқаруды, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы құқық тәртібінің жай-күйіне мониторинг жүргізуді, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін жедел басқару орталықтары жұмыс істейді. Солардың көмегімен 9 айда 6 599 қылмыс ашылып, 760 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды", – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жедел басқару орталығының 7,5 мың бейнебақылау камерасы бар. Аулаларға орнатылған 1 932 бейнебақылау камерасы жедел басқару орталығына бейнеақпарат жолдап отырады. 

Ерлан Тұрғымбаевтің сөзінше, жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтауға автоматты тіркеу жүйесі қолданылады. 

"Еліміздің жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 13,2 мыңға жуық стационарлық автоматты камера жұмыс істейді. Соңғы 9 айда стационарлық автоматты камералар республика бойынша 2,2 млн бұзушылықты анықтады. Жергілікті жерлердегі патрульдік полицияның саптық бөліністерінде 10,5 мың бірлік бейнетіркегіш қолданылады. Оның көмегімен 378 мың әкімшілік және 21 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бейнетіркегіштердің жазбасы күдіктілердің кінәсін дәлелдеу базасы ретінде пайдаланылды", – деді Ішкі істер министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу