Stadler вагондары Астана – Семей бағытына қатынай бастады

228

13 вагоннан жасақталған пойыз күнара қатынайды.

Stadler вагондары Астана – Семей бағытына қатынай бастады Фото: Бейнежазбадан

13 қарашада Қазақстанда шығарылған Stadler вагондарынан жасақталған №153/154 "Нұрлы жол – Семей" жолаушылар пойызы алғашқы сапарына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пойыз құрамында 13 заманауи вагон бар. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау үшін вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, электр розеткаларымен, USB және USB-C қуаттау порттарымен жабдықталған. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі орнатылып, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға арнайы жағдай қарастырылған.

Пойыз күнара қатынайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу