Сталкингпен күрес: Депутаттар Ішкі істер министрлігінің ұсынысын қолдай ма?

359

Уақыт өте келе Қылмыстық кодексте баптың екінші бөлігі де пайда болуы мүмкін.  

Сталкингпен күрес: Депутаттар Ішкі істер министрлігінің ұсынысын қолдай ма? Фото: police.uk

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева барлық өңірде сталкинг мәселесі кездесетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін сталкингті қайта жасағандарға жаза қатаңдатылуы мүмкін екенін жазғанбыз. Ішкі істер министрлігі осындай бастама көтеріп отыр.

"Біз бұл бастаманы енді ғана қарауға кірістік. Қазір сталкинг бір рет болғаны үшін құқықбұзушылық болып танылады. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде жазаны әрі қарай қатаңдату жолын қарастыру керек пе, жоқ па – осы мәселені талқыладық. Уақыт өте келе Қылмыстық кодексте баптың екінші бөлігі де пайда болуы мүмкін. Яғни, қайталап жасағандарға, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты дегендей", – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Тілшілер "Сталкинг жағдайлары көбінесе қандай өңірлерде болады?" деп сұрады. Депутаттың айтуынша, сталкинг мәселесі барлық өңірде кездеседі.

"Статистикаға сүйенсек, Алматы, Астана қалалары, Алматы облысы. Мұнда халық та көп шоғырланған. Жалпы барлық өңірде сталкинг мәселесі бар", – деді Снежанна Имашева Мәжіліс кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу