Стамбұлда қалған Қазақстан азаматтары елге оралды

1086

Стамбұлда қалған Қазақстан азаматтары елге оралды

Өткен демалыс күндері Түркия қалаларына тоқтаусыз жауған қардың салдарынан Қазақстан азаматтары бірнеше күн бойы Стамбұлдан елге қайта алмады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм департаментінің директоры Марат Иғалиевтің хабарлауынша, 10 қаңтар күні Стамбұл әуежайынан Қазақстанға барлық жоспарланған рейстер ұшты.

Эйр Астана әуе компаниясының КС870  Стамбұл - Атырау рейсі 13:00-де ұшты.

Түркиш әуе компаниясының ТК359 Стамбұл - Астана рейсі 19:35-те ұшты (120 жолаушы).

Пегасус әуе компаниясының PC568 Стамбұл - Алматы рейсі 21:04-те ұшты (95 жолаушы).

Эйр Астана КС1350 және Түркиш ТК350 әуе компанияларының (біріккен рейс) Стамбұл - Алматы рейсі 21:40-та ұшты (100 жолаушы).

Атлас Глобалдың КК6774 Стамбұл - Шымкент рейсі 21:50-де ұшты (90 жолаушы).

Эйр Астана әуе компаниясының КС912 Стамбұл - Алматы рейсі 22:05-те ұшты (125 жолаушы).

СКАТ әуе компаниясының DV812 Стамбұл-Ақтау рейсі 00:45-те ұшты (114 жолаушы).

Еске сала кетсек, Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, Стамбұлдағы қолайсыз ауа райы салдарынан көптеген рейстер кейінге шегеріліп, соның салдарынан 900 қазақстандық дер кезінде елге орала алмаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу