Бұл туралы ақпаратты 2 ақпанда AHaber телеарнасы жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақпаратқа сәйкес, пойыз Эсенлер автобус терминалы маңында белгісіз себептермен рельстен шыққан.
Оқиға салдарынан барлық жолаушылар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта апат орнында төтенше жағдайлар қызметі мен техникалық мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу