Стамбул орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері шыршалардың заңсыз кесілуіне жол бермеу үшін тәулік бойы кезекшілікті бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар жедел түрде жауапқа тартылды.
Елдің Орман кодексіне сәйкес, мемлекеттік ормандарда көшеттер мен ағаштарды кесуге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер үшін үш айдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және ақшалай айыппұлдар қарастырылған.
"Сондай-ақ, құқық бұзушылар бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіру құнын өтеуге міндетті", — делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу