Стамбұлда Reina түнгі клубына шабуыл жасалып, кем дегенде 35 адам көз жұмды, 40-тайы жарақат алды. Бұл туралы Би-би-сидің дерегіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.
Бұған дейін БАҚ шабуылды 2 адам жасағанын хабарлаған болатын. Олар Санта-Клаустың костюмын киіп алып шабуыл жасаған. Reina түнгі клубы Бешикташ ауданында орналасқан. Шабуыл кезінде онда екі-үш жүздей адам болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу