Стамбұлда түнгі клубқа жасалған шабуылда Әзербайжан азаматы қаза болды

964

Стамбұлда түнгі клубқа жасалған шабуылда Әзербайжан азаматы қаза болды

Стамбұлда болған терактіден зардап шеккендердің арасында Әзербайжан азаматы бар, деп мәлім етті Әзербайжанның СІМ баспасөз қызметінің басшысы Хикмет Гаджиев.

"Бізге Стамбұлда болған терактіден зардап шеккендердің арасында Әзербайжан азаматы бар екені туралы ақпарат келіп түсті. Қазіргі таңда Стамбұлдағы Бас консулдық қайтыс болған адамның кім екенін анықтап және  Түркияның құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасап жатыр", – деді Х.Гаджиев.

Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу бұған дейін мәлім еткендей, жаңа жыл түні Стамбұлдағы Reina  түнгі клубына жасалған шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып,  69 адам жараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу