Станимир Стоилов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

834

Оның жетекшілігімен құрама үш жолдастық матч өткізіп, Ұлттар Лигасына қатысты. Ол жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты. 

 Станимир Стоилов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызынан басқарған еді. Оның жетекшілігімен құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі – Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты. 

Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу