Starbucks 1,1 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

138

Тиісті жаңашылдықтың өндірісте және кафе желісінде істейтіндерге қатысы жоқ.

Starbucks 1,1 мың қызметкерін жұмыстан шығарады Фото: rbc.ru/quote

Америкалық Starbucks корпорациясы 1,1 мың қызметкерін жұмыстан қысқартатынын хабарлады. Бұл туралы компанияның бас атқарушы директоры Брайан Никкол айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте кафе желісінде, өндірісте, қоймаларда істейтіндер қысқартуға ілікпейді. Бұдан бөлек Starbucks бірнеше жүздеген бос жұмыс орнына адам алмау туралы шешім қабылдады.

CEO-ның айтуынша, бұл шаралар корпоративтік иерархияны жеңілдетуге мүмкіндік береді.

"Біз бұл өзгерістер Starbucks-тың болашақтағы жетістігі үшін қажет деп санаймыз",  деді Брайан Никкол.

2024 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша Starbucks компаниясында 16 мың қызметкер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу