StartUp Kazakhstan қатысушыларына 31 мың долларға дейін беріледі

586

Бағдарламаның үшінші толқынына қатысуға 10 елден 500-ге жауық өтінім түсті.

StartUp Kazakhstan қатысушыларына 31 мың долларға дейін беріледі

Алматыға StartUp Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасының іріктеуінен өткен командалар жиналады. Бағдарламаның қолдаушысы ИИДМ-нің баспасөз қызметі StartUp  Kazakhstan-ның үшінші толқыны басталғанын хабарлады.

Аталмыш бағдарламаға өтінімдер қабылдау өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында өткізілген болатын. Он елден 500-ге жуық өтінім келіп түсіп, сарапшылар 40 үздік ұсынысты екшеп алды. Жобаның географиясы Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Литва, Польша және Норвегияны қамтыды. Командалар электронды коммерция, білім беру, қаржы технологиялары, Индустрия 4.0, смартсити, телекоммуникация салаларында жаңа шешімдер ұсынған.

Бағдараламаға қатысушылар 31 мың АҚШ долларына дейін қаржыландыру алады. Шарт бойынша, олар Қазақстанда ЖШС ашып, қаржы сол шотқа аударылады. Стартап-компаниялар талапқа сәйкес, ол қаражатты өнімін Қазақстанда дамытуға жұмсайды.

Айта кетсек, бұл бағдарламаның алғашқы екі толқыны  2018 жылы өтті. Оған қатысуға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Болгария, Польша, АҚШ елдерінен 2 мыңнан астам стартап өтінім берген. Сараптамалық мұқият іріктеудің нәтижесінде 69 стартап (Қазақстаннан 30-ы және ТМД елдерінен 39) акселерациядан өтті.

"2018 жылы стартаптар 250 жұмыс орнын құрды. Жас компаниялардың жиынтық түсімі 550 млн теңгеден астам болды. Барлық жобалар нәтижелер көрсетті, кейбіреулері 200-300% өсті",– делінген ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу