Статбюро Қазақстандағы төрт түлікті қайта санады: Мал басы әлдеқайда аз болып шықты

203

Мал басы неге азайған?

Статбюро Қазақстандағы төрт түлікті қайта санады: Мал басы әлдеқайда аз болып шықты Фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросы шаруа қожалықтарына және жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты қайта қаралған деректерді ескере отырып, 2023 жылдағы мал шаруашылығы бойынша жаңа статистиканы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ескере отырып қайта есептелген деректерге сәйкес, ірі қара малдың жалпы саны алдыңғы деректермен салыстырғанда – 23%, қой басы – 14%, ешкі – 20%, шошқа – 34%, үй құстары – 22% азайды.

Сиыр сүтін өндіру – 3 420,4 мың тонна, ет (тірідей салмақта) – 1 920,3 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 4 406,8 мың дана болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу