Стати ісі: Қазақстан кезекті мәрте жеңіске жетті

987

Америкалық "BNYM" банкінің Лондондағы бөлімшесінде жатқан Ұлттық банктің 22 млрд долларын бұғаттаудан босатуға жол ашылды.  

Стати ісі: Қазақстан кезекті мәрте жеңіске жетті

Статилер тағы жеңілді! Англия сотында Қазақстанның "BNYM" банкінде  бұғатталған активті 530 миллион долларға дейін қысқартуға қол жеткізілді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Яғни, Қазақстан Үкіметінің мүддесін қорғаушы адвокаттар Анатол мен Габриэл Статидің 2017 жылы сотта алаяқтық жасағанын дәлелдей алған. Енді америкалық "BNYM" банкінің Лондондағы бөлімшесінде жатқан Ұлттық банктің 22 млрд долларын бұғаттаудан босатуға жол ашылды. Ақпарды Әділет министрлігі хабарлады.

"Қазақстан Үкіметі алдады" деп 2003 жылдан бері халықаралық арбитржды соттарға шағым жасап жүрген қос бизнесмен 530 млн доллар алуды қалайды. Бұл жолғы процесс 4 күнге жалғасқан. Шағым Англияға 2017 жылы Бельгия сотынан келіп түскен. Яғни, даулы істе олар төрелік жасауға тиіс болған. Енді бұл жеңістен кейін Қазақстан Анатолий Статиге көк тиын да берілмеуге өтініш жасай алмақ.

Фото: pbs.twimg.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу