Люксембургтің аппеляциялық соты Стати ісіне байланысты Қазақстанға қарсы шешім шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.
19 желтоқсан күнгі үкім бойынша еліміз Ascom Group компаниясына 540 млн доллар көлемінде қаражат төлеуі тиіс. Ал елімізге қарсы тарап болса, яғни ағайынды Статилер арбитраждық соттың шешімін орындату үшін түрлі заң ұйымдарына арыздануда.
Еске сала кетейік, "Қазақстан Үкіметі алдады" деген Атантол Стати 2003 жылдан бері түрлі халықаралық арбитраждық соттарға арыз түсіріп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу