Процесті тоқтата тұруға жалған құжат жасау, алаяқтық және ақшаны жымқыру айыптары бойынша Статиге қарсы қаралып жатқан қылмыстық іс жүргізу негіз болған.
"Люксембургтің Апелляциялық соты егер Стати төрелік шешімді алаяқтық жолмен алған болса, "Нью-Йорк Конвенциясының V (2) b бабына сәйкес осы төрелік шешімді тану және орындау жария тәртіпке қайшы келеді" деген қорытындыға келіп, Қазақстанмен келісті", – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар, ол тек төрелік трибуналды ғана емес, сонымен қатар шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырды деген Брюссельдің Апелляциялық сотының шешімінен кейін екі аптадан соң қабылданған.
Бұған дейін хабарланғандай, бельгиялық шешім нәтижесінде Стати мен олардың адвокаттары 530 миллион АҚШ долларына жуық сомаға тең Ұлттық Банктің активтеріне заңсыз салынған уақытша тыйымның күшін жойды.
Сонымен қатар Апелляциялық сот белгілі халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйеніп, Стати "қабылданған шешімдерге әсер ету үшін төрелік трибуналға және соттарға ұсынылған материалдардағы мәліметтерді саналы түрде өзгерту арқылы алаяқтық жасады" деп анықтады.