Статидің Қазақстанға 3,7 млн доллар төлемеу туралы өтініші қабылданбады

1323

Англияның Жоғарғы Соты Статидің Қазақстан тарабына сот шығындарын төлемеу туралы бұйрықтың күшін жоюға қатысты өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды inbusiness.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статидің Қазақстанға 3,7 млн доллар төлемеу туралы өтініші қабылданбады

Бұған дейін Стати Қазақстан мен Қазақстан Ұлттық банкіне 3,7 млн АҚШ долларынан астам соманы төлеуге міндеттелген еді. Статидің өтінішін 2021 жылдың 15 ақпанында Англия мен Уэльстің Жоғары сотының шығыстар жөніндегі басқармасының шығыстар бойынша судьясы Роули қараған болатын.

Сот шығындарын төлеу туралы қаулының шығуы Англияның Жоғары сотындағы талқылаулардың аяқталғанын көрсетеді. Бұндағы сот талқылауларының барлық сатысында Стати тарабына ешқандай оң шешім қабылданбаған.

Шешімде: "Стати тараптары Жоғары соттың юрисдикциясына қарсы шығуға тырысты, бірақ бұл талпынысында сәтсіз болды және бұл 2018 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулыға әкелді. Стати Жоғары Сот талқылауында да сәтсіздікке ұшырады және талапкерлердің (Қазақстан мен Ұлттық Банк) шығыстарын төлеуге міндетті болды....",– деп жазылған дейді Әділет министрлігінен.

Іске қатысты алдыңғы оқиғалар туралы сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу