Статидің талап-арызы бойынша Вашингтон соты шешім шығарды

900

Статидің талап-арызы бойынша Вашингтон соты шешім шығарды

2018 жылғы 23 наурызда АҚШ-тың Вашингтон Округтік соты Статидің төрелік шешімді мәжбүрлі түрде орындау туралы өтініші бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы округтік соттың шешімін құрметтейді, алайда шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес республикаға өзін қорғау шегіне барлық дәлелдерді ұсыну мүмкіндігін беруден бас тарту бөлігінде, сонымен қатар төрелік шешімді тану бөлігінде онымен келіспейді.
Ұлыбританиядағы ұқсас сот процесінде Англияның жоғары соты кеңінен дәлелдер ұсынылғаннан кейін Статидің тарапынан орын алған алаяқтық туралы айтарлықтай сенерлік дәлелдемелердің бар екендігін мойындап, осы мәселе бойынша бөлек сот талқылауын тағайындады.
Өкінішке қарай, АҚШ округтік соты Қазақстан Республикасына өзін қорғау үшін алаяқтық туралы аталған дәлелдемені ұсынуына мүмкіндік бермеді. Қазақстан Республикасы бұл шешімге шағым білдіріп, өзінің заңды құқықтарын қорғамақшы.
Алаяқтық фактілеріне орай, Қазақстан Республикасы Вашингтонның округтік сотында талапкерлерге қарсы АҚШ-тың ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңына сәйкес бөлек сот процесіне бастама жасады. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.
Қазіргі уақытта қарастырылып отырған шешімнің тек Вашингтонның аумағында күші бар екенін атап өткен жөн.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы мүлкі есебінен өндіріп алу үшін АҚШ-тың мемлекеттердің иммунитеті туралы заңына сәйкес Стати белгілі бір мүліктің егеменді иммунитетке ие емес екенін дәлелдеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу