Статистика: 2022 жылғы қаңтар-наурызда 204 мың жеңіл автомобиль тіркелді

782

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, биыл қаңтар-наурызда елімізде 204238 жеңіл автомобиль есепке қойылған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9% аз.

Статистика: 2022 жылғы қаңтар-наурызда 204 мың жеңіл автомобиль тіркелді

 

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР-да тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың бірлік болды.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 2600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен.

"Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды",- деп жазылған мәліметте.

1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу