Статистика комитеті бюроға айналды

605

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. 

Статистика комитеті бюроға айналды

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросына айналды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже, құрылым, сондай-ақ қажетті өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Сондай-ақ құжатта "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын" деп жазылған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу