"Стелс-омикрон" жеңілірек өтеді, бірақ тез таралады

819

12 облыста коронавирустың "омикрон" штамының бір түрі анықталды.

"Стелс-омикрон" жеңілірек өтеді, бірақ тез таралады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният онлайн брифингте осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"12 облыста коронавирустық инфекцияның "омикрон штамының бір түрі табылды.  Бұл "жасырын омикронның" бір түрі. Коронавирустық инфекцияның бұл түрі "дельта" вирусына қарағанда жеңілірек, бірақ қауіпті, себебі ол тез таралады және қайталануы мүмкін. Бүгін біз вирустың бүкіл елге таралып жатқанын көріп отырмыз", – деді Ажар Ғиният. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ауруға күн сайын мониторинг жүргізілетінін қосты.

"Симптомдары бар науқастар толық ем алады. Біз аурудың осы ағымында қандай да бір карантиндік шараларды енгізуді күтпейміз. Барлық карантиндік шаралар алынып тасталды, қазір негізінен халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде", – деп түсіндірді Ажар Ғиният.  

Министр сондай-ақ бетперде кию режимін енгізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.  

"Бүгінгі күні бетперде кию режимін енгізуге негіз жоқ, ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", – деп атап өтті Ажар Ғиният.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу