Қазақстан командасының мүшесі Максим Коломоец траншеялық стенд бағдарламасы бойынша алғашқы алтылық қатарынан көрінді, деп жазады Olympic.kz.
Ерлер арасындағы сында 123 ұпай жинаған Коломоец жалпы есепте алтыншы орынға табан тіреді. Бұл Максимнің маусымдағы үздік көрсеткіштерінің бірі. Руслан Бердов 60-шы, Андрей Могилевский 110-шы орында.
Әйелдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Сәрсенкүл Рысбековаға тиесілі. Ол 116 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтады.
Мария Дмитриенко 22-ші, Анастасия Давыдова 35-ші сатыда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу