Стенд атудан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

846

Зоя Кравченко алтын медаль, Анастасия Молчанова күміс медаль тағынды. 

Стенд атудан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

Марокконың Рабат қаласында стенд атудан халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық спортшылар скит бағдарламасы бойынша екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Финалда 49 ұпай жинаған Зоя Кравченко тұғыр биігіне көтеріліп, алтын медаль иеленді. 

Ал 40 ұпайы бар тағы бір жерлесіміз Анастасия Молчанова күміс медаль тағынды. 

Қола жүлде 37 ұпай еншілеген италиялық Чиара Костаға бұйырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу