Стенд атудан Қазақстан командасы Токио ойындарын аяқтады

840

Токио Олимпиадасында стенд атудан іріктеу кезеңі аяқталды. Екі күнге созылған бәсеке қазақстандық мергендер келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Стенд атудан Қазақстан командасы Токио ойындарын аяқтады

"Скит" жаттығуы бойынша сынға түскен спортшылар бес раунд бойы іріктеу кезеңін өткізді. Іріктеу нәтижесі бойынша алты спортшы ғана келесі айналымға өтеді.

Өкінішке қарай, қазақстандық Әсем Орынбай мен Зоя Кравченко үздіктер қатарына іліге алған жоқ. Зоя Кравченко 113 ұпаймен 22-орын алса, Әсем Орынбай 111 ұпаймен 26-сатыда қалды. 

Финалға өткен спортшылар көшін 124 ұпай жинаған қытайлық Вэй Мэн бастап тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу