Бұл туралы 24news Ереван порталы аймақтың омбудсмені Гегам Степанянға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Цистерна жарылып, салдарынан 200-ден астам адам жарақат алды. Олардың көпшілігінің жағдайы ауыр немесе өте ауыр деп бағаланады. Арцахтың (танылмаған Таулы-Қарабақ республикасы) медициналық мүмкіндіктері адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жеткіліксіз. Санитарлық авиацияны шұғыл іске қосу қажет", — деді Степанян.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 20.00 шамасында болды (Астана уақытымен 22.00). Зардап шеккендер Степанакерт медициналық орталықтарына жеткізілді. Жараланғандардың санының көп болуы бензин қоймасында Арменияға кетуге шешім қабылдаған адамдардың жиналып қалуына байланысты. Таулы Қарабақ тоғыз ай бойы қоршауда болды.