Степногорскте сарбаз өзіне қол жұмсады

939

19 жастағы жігіт әскери қызметке былтыр күзде Қызылордадан шақыртылған.

Степногорскте сарбаз өзіне қол жұмсады

Ақмола облысы Степногорск қаласында Ұлттық Ұланның шұғыл қызмет әскери бөлімінің әскери қызметшісінің өзіне қол жұмсау фактісі тексерілуде, деп хабарлады қала әкімдігінен.

19 жастағы сарбаз бүгін таңертең күзет кезінде өзін Калашников автоматынан бұғағынан атып, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Жас жігіт екі колонияны күзететін әскери бөлімде қызмет етуге былтыр қараша айында Қызылорда облысынан шақыртылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу