Степногор қаласында банк қызметкерлері 255 млн теңгені өз қалталарына басқан

506

Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.  

Степногор қаласында банк қызметкерлері 255 млн теңгені өз қалталарына басқан Фото: zakon.kz

Степногорда банктің бөлімше директоры мен кассир 255 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 2022 жылғы желтоқсанда Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің филиалдарын жоспарлы тексеру барысында банктің аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатының жетіспеушілігі анықталған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу