Былтырғы жылдың қазанында "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қор қаражатынан Степногор қаласы мен онымен іргелес жатқан Ақсу және Заводской кенттерін сумен қамту және су құбыры желілерін жаңғырту үшін 2,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз қызметі.
Жобада сорғы жабдықтарын заманауи сорғы қондырғыларына алмастыру, 4, 6 және 7-ші шағын аудандардың, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің сумен жабдықтау желісін қайта қалпына келтіріп, 65 мыңнан астам адамды тұрақты түрде сумен қамту қарастырылған.
"Аталған учаскедегі су торабы 1964 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда оның 97%-ы тозып тұр. Тек өткен жылдың өзінде жарылған су құбырларын қалпына келтіру үшін 7 млн теңге жұмсалды", – деп атап өтті облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Виктор Радченко.
Ақсу және Заводской кенттерінің сумен қамту жүйесін жаңғырту жобасы сумен сапалы, үздіксіз қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған сумен қамтуға бағытталған.