Ақмола облысының Степногор қаласында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында шаңтөбе қазандығының құрылысына республикалық бюджеттен 800 млн теңге бөлінді, деп хабарлады кәсіпкерлік бөлімі жетекшісінің орынбасары Анар Новрузов әкімдік отырысында.
Баяндамашы айтып өткендей, тауарлық өнімді өндіру көлемі биылғы жылдың бірінші тоқсанында 21,3 млрд теңгеге жетті, ал жоспар бойынша 19,7 немесе 102,2 пайыз болуы керек еді. Жеке тауар айналымының ФКИ 103,8 пайыз болды. Сондай-ақ негізгі капиталға құйылған инвестиция қарқыны артты – бірінші тоқсанда физикалық индекс 147,8 пайыз болды.
"Кәсіпкерлік саласында гранттық қаржыландыру БЖК бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алу үшін 8 жоба берілді, байқау қорытындысы Ақмола облысының РСК отырысында мәлім болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына тартылған жерлерге келсек, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша олардың үлесі 2,7 пайыз болды, жылдық жоспар 3 пайызға тең", – дейді Анар Новрузов.
Сондай-ақ ТКШ дамыту аясында "Шаңтөбе-энерго кешені" ЖШС мамандандырылған техниканы 50 млн теңгеге сатып алуды жоспарлап отыр. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 800 млн теңге шаңтөбе қазандығының құрылысына бөлінеді.
Абаттандыру шараларына келетін болсақ, екінші тоқсанда 800 ағаш отырғызылады, 3 мың гүл безендіріледі. Бұл жұмысқа жұмыс тобы жиналып жатыр", – дейді ол.