Тексеру барысында сметалық құнды негізсіз көтеру, артық әрі экономикалық тұрғыдан дәлелсіз жұмыстар енгізу, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және әлеуетті жеткізушілер арасында бәсекелестік ортаға шектеу қоятын талаптар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 710 млн теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды.
Жергілікті атқарушы органға жобалық-сметалық құжаттамаларды қайта қарау ұсынылып, соның нәтижесінде 3 конкурс алынып тасталды және 6 мемлекеттік сатып алу бойынша сметалық құн төмендетіліп, негізсіз шығыстар қысқартылды.
Нәтижесінде 235 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілген жоқ.