Степногорде 200 текше метр су сорылды

407

Ақмола облысының Степногор қаласында орталық базар аумағын басып қалған су сорылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Степногорде 200 текше метр су сорылды

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгін таңертең Степногор қаласында нөсер жаңбыр жауды. Жауын-шашынның орташа айлық нормасының 50 пайызы немесе 56 миллиметр нормасында 28 мм түсті. Осының салдарынан қаладағы тұрғын үй аулалары мен орталық базар аумағын су басып қалды.

"Өкінішке қарай, нөсер жаңбырдан қаланың орталық базары аумағындағы кәріз жүйесінен су ағып үлгермеді. Қазіргі уақытта, су басқан аумақтарды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімдік жағдайды жою үшін барлық қажетті ресурстарды тартты. Бұдан басқа, қаладағы тұрғын үй аулаларының аумақтарын тексеру бойынша мониторингтік жұмыс тобы құрылды. Тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда төрт адам судан құтқарылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу