Степногорск қаласында алаяқ 87 жастағы зейнеткердің жарты млн теңгесін ұрлап кеткен

527

Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Степногорск қаласында алаяқ 87 жастағы зейнеткердің жарты млн теңгесін ұрлап кеткен

Степногорск қаласында ер адам 87 жастағы зейнеткерді алдау арқылы үйіне кіріп, жарты млн теңгесін қолды қылған, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасына зейнеткердің қызы анасын белгісіз ер адамның тонап кеткенін хабарлаған. Оқиға 21 тамыз кешкі сағат 18.00-де болған. Күдікті өзін қызмет көрсететін компания қызметкері ретінде таныстырып, жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне кірген. Әжейден қарызға 2 мың теңге беруін өтініп, көз алдында барлық жинағын шығарған қарияның ақшасын алып, қашып кеткен.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Степногорск полицейлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жақын маңдағы ауылдың 35 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша Степногорск қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу