Степногорск қаласында Асқар Забикулинге арналған мурал пайда болды

516

Мурал "Құтқарушылар күні" мерекесі қарсаңында ашылды. 

Степногорск қаласында Асқар Забикулинге арналған мурал пайда болды Фото: Ақмола облысы ТЖД

Степногорск қаласында ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған мурал пайда болды, деп жазады inbusiness.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арт нысан қаладағы 3-МӨСБ ғимаратының алдыңғы жағында орналасқан.

Ақпаратқа сәйкес, батыр құтқарушының портретін қалалық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша алматылық "AW_borders" компаниясы орындаған. Жұмысты орындауға суретші Абылайхан Сүлейменовке 10 күндей уақыт кеткен.

Қалалық ТЖБ бастығы Ержан Қаппасовтың айтуынша, мурал батырдың құрметіне әрі 19 қазан – Құтқарушылар күніне орайластырылды.

"Асқардың ерлігін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл мурал бізге, сондай-ақ оның қыздарына қалған мұралардың бірі. Оның ерлігін ұмытпағандарыңыз үшін көп рақмет. Қолдау көрсеткендері үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін", - деді Асқар Забикулиннің ағасы Эльдар Забикулин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу