Степногорск қаласының жылу трассасында болған апат жөнделді

397

Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі хабарлайды. 

Степногорск қаласының жылу трассасында болған апат жөнделді Фото: inbusiness.kz

Степногорск қаласындағы жылу трассасында болған апат шеттетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 8 желтоқсан күні сағат 08:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су жеткізіліп жатқаны хабарланды.

Сонымен қатар, "Степногорск Теплотранзит" ЖШС мамандары апатты жою және азаматтардың үйлеріндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға орнында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жағдайды бақылауда.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні Ақмола облысының Степногорск қаласында квартал ішілік жылу магистралінде апаттық жағдай орын алды. Соның салдарынан, бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу