Степногорск маңындағы дала өрті сөндірілді

182

Өртті жою жұмыстарына 300-ге жуық маман, 55 техника және ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.  

Степногорск маңындағы дала өрті сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысында құрғақ өсімдіктің жануынан шыққан дала өрттері бақылауға алынып, негізгі ошақтар сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері Байқоныс, Бестөбе, Изобильное, Бөгенбай, Сілеті ауылдары мен Степногорск қаласының маңындағы өрттерді сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Өрт ошақтарын жедел жою үшін ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік қызметтердің күштері жұмылдырылды. Қол жетуі қиын аумақтарда ТЖМ авиациясы қолданылып, өрттің таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

ҚР ТЖМ авиациясының әуе кемесі өрт ошақтарына 38 тонна су төккен.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ бақылауында. Оқиға орындарында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр.

Өртті толық сөндіру жұмыстары жекелеген учаскелерде жалғасуда. Қазіргі таңда елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ мен өзге де мемлекеттік органдардың шамамен 300 қызметкері, 55 бірлік техникасы және "Қазавиақұтқару" АҚ мен "Қазавиаорман" РМК-ның екі әуе кемесі тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу