Степногорск қаласы тағы да жылусыз қалды

462

Ақмола облысындағы Степногорск қаласы жергілікті ЖЭО апатына байланысты жылу мен электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Степногорск қаласы тағы да жылусыз қалды Фото: Энергетика министрлігі

ЖЭО ақпараты бойынша 10 ақпанда сағат 13.27-де 220кВ "KEGOC" АҚ желісі бойынша электр қуаты үзілді, 14.07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілген.

"14.15-те бесінші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды, 14.20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС сорғыларды іске қосады", – деп хабарлады әкімдік.

Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жағдай бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

"KEGOC" АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді азайтты. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ.

"Қазіргі уақытта ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталды. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың бұзылуын болдырмау үшін желілік су айналымы ұйымдастырылды", – деп жазды министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу