Степногорскте 1 500 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

103

Жер учаскелерін пайдалану және беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Степногорскте 1 500 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: canva.com

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде Степногорск қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 52 млн теңге болатын, жалпы аумағы 1 500 гектардан астам жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары тарапынан жер заңнамасының өрескел бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, жер учаскелерін сауда-саттықсыз беру, конкурстық рәсімдерді сақтамау, жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, сондай-ақ жерді өз бетінше басып алу фактілері орын алған.

Қала әкімдігі тарапынан жерді ұтымды және нысаналы пайдалануына мемлекеттік бақылау іс жүзінде жүзеге асырылмағаны анықталды.

Прокуратураның талап етуімен Жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент тарапынан заң талаптарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін қайтару туралы 2 талап-арыз сотқа жолданды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу