Ақмола облысындағы Степногорк маңында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға 23 наурыз күні болған.
"Степногорск – Заводской" автожолында "ВАЗ" көлігі мен "YUTONG" автобусы соқтығысқан. Апат салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды.
"ВАЗ" көлігіндегі кәмелетке толмаған 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу