Степняк қаласында 21 пәтерлі тұрғын үй кілті иелеріне табыс етілді

970

Степняк қаласында 21 пәтерлі тұрғын үй кілті иелеріне табыс етілді

Еңбекшілдер ауданындағы Степняк қаласының тұрғындарына аудан әкімі Асқар Қиықов жаңа пәтерлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімі Конституция күні қарсаңында құттықтау сөз сөйлеп, "Қол жетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында салынған жаңа 21 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін  иелеріне табыстаған.

Жаңа баспаналы болғандардың қатарында денсаулық саласының қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер және басқа да кезекте тұрғандар бар.

Аталған нысанның бас мердігері "Таир" ЖШС. Директоры Мырзахметов Ермек Қуандықұлы. Бұл нысанның құны 127 млн. теңгені құрайды. Тұрғын үй жобасының авторы "АС" ЖШС болып табылады. "Свирин" ЖК техникалық қадағалауды жүргізді. Инженерлік жүйелер мен абаттандыруға қосымша жоба құрастырылып, оған Ұлттық қордан 25 млн. теңге бөлініп, игерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу