Стихиялық қоқыс үйінділерін жоймаған 164 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

101

Оның ішінде 61-і аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары да бар.

Стихиялық қоқыс үйінділерін жоймаған 164 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында стихиялық қоқыс үйінділерін жоймаған лауазымды тұлғалар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спутниктік технологиялар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың тиімді құралы.

"Стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы "Қазақстан Ғарыш Сапары" деректері негізінде аумақтық экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді, әкімдіктер  тиісті шараларды қабылдамаған жағдайда лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 2024 жылы 164 лауазымды тұлға жалпы көлемі 9,4 млн теңгеге, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді министр.

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, соңғы жылдары анықталған қоқыс үйінділерінің саны едәуір азайды. 

Мәселен, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 57%-ті жойылса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 91%-ті жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу