Стокгольмде әлемдегі ең терең метро станцияларының құрылысы басталды

469

Жер деңгейінен 105 метр тереңдікте — метро құрылысы ең төменгі нүктеге жетті.

Стокгольмде әлемдегі ең терең метро станцияларының құрылысы басталды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы inbusiness.kz АЗЕРТАЖҒА сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Құрылысшылар тобы Седермальм аралындағы София станциясында жер деңгейінен 105 метр тереңдікте жарылыс жұмыстарын жүргізді. Аталмыш станция әлемдегі ең терең метро станцияларының бірі болады. 2030 жылы құрылыс аяқталған кезде, София станциясының платформасы ежелгі жартаста 100 метр тереңдікте ашылады. Қалған 5 метр тереңдікте технологиялық кеңістік болады.

2025 жылы ауданы 20 шаршы метр болатын шахтаны ашу жоспарланған, онда сегіз "София" жедел лифті орнатылады. Әр лифт секундына төрт метр жылдамдықпен платформаға 40 жолаушыны жеткізеді. Бір бағытта жүру уақыты 30 секундтан сәл асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу